Іздеу

Қадыр Мырза-Әли – 2 бөлім (Алтын қор)

Қадыр Мырза-Әли – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын. Ақын поэзиясына лайықты бағасын берген академик Зейнолла Қабдолов: «Қадыр Мырзалиев – сөздің сәйгүлігі, ойдың орманы. Ол жеке бастың дара мұңынан бастап, қым-қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады»-дейді.

Расында да, Қадыр Мырза Әли – қазақ поэзиясын ұлттық нақыштармен әрлеген, ұлттық көркемдік ойлау дәстүрін жалғастырған және жаңа көркем образдар тудырған қайталанбас тұлға. Қадыр Абайдан кейінгі көп ойланатын ақын,-депті бір сөзінде Сауытбек Әбдірахманов. Расында да, ақынның өлең жолдары,  ұлағатты сөздері мен афоризмдері әр оқырманның жүрегінде әлі күнге дейін жаттаулы ғой. Қадыр аға өзінің осы сұхбатында болашақтағы жоспарларымен бөліскен екен. Әрине, олардың денін жүзеге асырда.

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза-Әлидің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

 

Осы подкасттан көбірек

№ 29