Іздеу

Өзбекәлі Жәнібеков (Алтын қор)

Ғибыратты ғұмыр мәнсіз-мағынасыз ілби басқан өмірмен өлшенбейді.  Бұлқынып жатқан бұла күшті бағамдап,  ішкі жан-дүниедегі  рухани аңсарды аңғара білген жандар ғана ел аузында.  Ондай адамды халқымыз нағыз азаматқа балайды. Өмір өнегесі адамның жүрген жолы, сіңірген еңбегі, арқалаған аманаты.

Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібеков туған елінің ертеңін ойлап, өзінің тұлғалық келбетін жасап кеткен адам.   Ат жалын тартып мініп, азамат болғалы бері  білімпаздығын, парасаттылығын, рухани биіктігін байқатқан, өмірлік қағидасы бар тұлға еді.  Демек, арғы – бергі ата – бабасы ұлттық салт-дәстүрден нәр алған тектіліктен жаралған. Тәрбиені сол тектіліктен іздеген перзент, яғни Өзбекәлі ағамыздың орыны бөлек.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 32