Іздеу

Өзбекәлі Жәнібеков – 3 бөлім (Алтын қор)

70 жыл қызыл империяның жетегінде жүріп, ноқталы өмір кешкен Қазақстан да өз таңдауын жасады.  Қашаннан қанымызға тән кеңпейілділік кемел істерге жетеледі білем, «Ынтымақ түбі-игілікті» жоғары қойдық. Тағдырынан тоқпақ көріп, Қазақстанға қоныс тепкен ұлт пен ұлысты да кемсіткен жоқпыз. Керісінше еліміз зайырлы мемлекет құра отырып халықтар достығының дәнекері болды. Болашақ даму жолын, қоғамдық саяси бағдарын нақтылап, этностық топтардың тең құқықты өмір сүруіне жағдай жасалуда. Ал, өзгені бауырына басу бұл қазаққа қана тән қасиет, – депті Өзбекәлі аға Жәнібеков.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

 

Осы подкасттан көбірек

№ 65