Іздеу

Нұрғиса Тілендиев (Алтын қор)

Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған аса талант иесі.  Оның сазы талай тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол-ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам болып өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады.

Нұрғиса Тілендиев – қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал-серілік дәстүрдің соңғы тұяғы іспетті. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне мүлде мойын ұсынбастан өзінің шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Нұрғиса көп оқыды, көп ізденді. Және оны өзгелерге де жиі.

КСРО-ның халық әртісі, күйші-компазитор Нұрғиса Тілендиевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 16