Іздеу

Мұхтар Әуезов – 3 бөлім (Алтын қор)

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін 1949-шы жылы Сталин, он жылдан соң Ленин сыйлығын алды. Қазақ сахарасында дүниеге келген талантты жазушының осындай табысқа жетуінің сыры неде? Өйткені, ол туған халқының өмірін, рухани жан-дүниесін, адал махаббатқа талпынған қасиеттерін ұлттық бояуымен, ғажайып сырлы сөзімен жеткізе білуінде.  Әуезов эпопеясынан 21-ші ғасырдағы қазақ халқының ғана емес,  бостандықты, азаттықты аңсаған әлем халқының асқақ даусын естиміз.

Ұлы жазушы «Абай жолын» бірден жаза салған жоқ. Ол үнемі ізденіс үстінде болды. Тіпті алты жасында ауыл қаияларынан естіген әңгімелері де Ұлы Абайдың бейнесін сомдауға септігін тигізсе керек.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Мұхтар Әуезовтің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 68