Іздеу

Кәукен Кенжетаев – 4 бөлім (Алтын қор)

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болу жолындағы ұлттық тәрбие. Әрине, бұл тәрбие жалаң болмауы тиіс. Өйткені, ондай тәрбие қашанда қауқарсыз. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда қазақ жастарын тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы шарт. Сонда ғана тәрбие шынайы. Ұрпақ санасына елдік ұғымды ұялатып, ұлттық рухты сіңірсек бізді сең соқпайды. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Ендеше әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Міне, сахына саңылағы Кәукен аға Кенжетаевтың айтпақ ойы.

Халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 60