Іздеу

Кәукен Кенжетаев – 3 бөлім (Алтын қор)

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: “Тіл байлығы – елдің елдігін, ғылыми әдебиетін,  мәдениетін қай дәрежеде екенін көрсететін  мөлшері” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын. Олай болса тәуелсіздіктің негізгі  тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған  сыйы да  — тіл,-деп ой түйген екен Кәукен аға.  Расында да тіл – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай.  Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – бір тұтас ұлттың тағдыры, соны жастар ұғынса депті  Кәукен Кенжетаев.

Халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 46