Іздеу

Ілияс Есенберлин (Алтын қор)

Тарихи тақырыпқа қалам тербеген Ілияс Есенберлин – қазақ романдарын, қазақ прозасын биікке көтерген тұлға. ХІV ғасыр мен XIX ғасыр аралығын, бес ғасырды түгел қамтыған трилогияда ол қазақ халқының қалай дүниеге келіп, қалай өсіп, дамығанын көрсеткен. Керей мен Жәнібектен бастап, кешегі Кенесарыға дейінгі тарихты сөйлетті. Біздің ұлттың, әсіресе, Кеңес кезінде ұлттық санамыздың оянуына тікелей әсерін тигізді.

Қазақ хандығының тарихы Ілияс Есенберлиннің есімімен де жиі айтылады. Оның да өз себебі бар.  Кешегі кеңес дәуірінде қазақтың шын реалистік тарихын жазуға мүмкіндік болған жоқ. Сол жағдайда ұлттық болмысты, ұлттық рухты халық санасына сіңіруді мақсат еткен Ілияс Есенберлин бұл тақырыпқа барды. Ол мақсаты орындалып, Қазақ хандығы заманындағы өмір суреттері халыққа жетті.

Жазушы Ілияс Есенберлиннің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан. алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 14