Іздеу

Герольд Бельгер (Алтын қор)

Жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеуші және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгерді қазақ қоғамына таныстырып жатудың өзі артық. Қазақтар туралы, уақыт, қоғам жайлы алдаспандай өткір әрі шынайы да мөлдір жазбалары арқылы ол дәуір суретін салып кетті. Гераға қазақ тілінің сөздік қорының байлығына таң қалатын. Және соны мақтанышпен айтатын.

Қазақстандағы әдебиетшілердің ішінде бір әрпін қалдырмай оқитын адамдарымын бірі-Герольд Бельгер,-депті ақын Мұхтар Шаханов. Расында да Бельгер – қазақ әдебиетінің шын жанашыры еді. Ол өзінше бір құбылыс болатын. Ондай құбылыс өзге әдебиетті жоқтың қасы. Бельгердің қазаққа, қазақ әдебиетіне деген махаббаты шексіз болды.

Жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеуші және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгердің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 15