Іздеу

Герольд Бельгер – 2 бөлім (Алтын қор)

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Тіл байлығы-елдің елдігін, ғылыми әдебиетін, мәдениетін қай дәрежеде екенін көрсететін мөлшері»,-деген еді. Олай болсы тәуелсіздіктің негізгі тірегі –ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да-тіл,-десек, біз қазіргі күні қазақ тілінің қасиетін толық ұғынып жүрміз бе? Бүгінде жабайы жалғауларды жамап, тұрпайы да, сөлі қашқан сөздерді теліп ана тілдің өзегіне құрт жіберіп алдық па?

Әлем дамуындағы қазіргі тенденциялар тілге назар аударуды талап етіп отыр. Күнен – күнге өзгеріп жатқан дүниенің қарқынына ілесе алмаған тілдің болашағы кемел емес.   Сондықтан, әлем халықтарының 75 пайызы қолданатын латын әліпбиіне қазақ тілінің көшуі қажет. Бұл көпшіліктің пікірі. Бұл пікірді көзі тірісінде жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеуші және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгерде қолдаған екен.

Жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеуші және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгердің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 42