Іздеу

Ғафу Қайырбеков (Алтын қор)

Еге білсең егін тасқа да бітеді. Ал, диқанның қазынасы-жер,-десек,  бір жылы миллиард пут астық алған Қазақстанның дала еңбеккерлері елдің ерекше қошеметіне бөленді. Қамбалар астыққа толып, бір жылға маңдай-тердің ақталғаны рас еді. Өзі де дала төсінде туып, алқаптардағы қиын жұмыстарды көзімен көріп өскен Ғафу Қайырбеков диқандар еңбегін қашанда ерлікке балайтынды. Ал, мұндай мол астық жинағанда ол өзінің шексіз қуанышын жасыра алмапты.

Миллиард сөзі бүкіл бір дәуірдің, Қазақстан дамуының сипатына айналған сөз,-дегенді және қосыпты ақын аға. Расында да, ұлы далада қайнаған еңбектің арқасында қаншама кеңшарлар құрылды. Жаңа қырмандар бой көтеріп, ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын жаңа оқу орындары ашылды. Ауылдық жерлерде зәулім ғимараттардың ірге тасы қаланып, халықтың жер-анаға деген құрметі күшейді,-депті Ғафу Қайырбеков.

Ақын Ғафу Қайырбековтің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 34