Іздеу

Ғабиден Мұстафин – 2 бөлім (Алтын қор)

Ғабиден Мұстафиннің жазушылық шеберлігі, ұлттық сөз өнеріндегі өзіндік орыны ешкімге талас тудырмас. Ол – барша қазақ мойындаған тіл шебері. Аз сөзге көп мағана ұйыта білген қаламгер. Ғабең еңбектері өз дәуірінің көркем шежіресі есебінде жасай бермек. Өйткені, жазушы өзіне мақсат қоя білген жан, және ұстанымы да айқын болатын.

Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергер болғанда жай зергер емес, сөз арқылы адамның жан-дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер,-деген екен Сәкен Сейфулин. Міне дәл осы теңеу Ғабиден Мұстафиге бағытталғандай.  Ғабең бір сөзінде жазушы болу үшін  көп ізденіс керек, егер іздене білмесең  адам жанына рухани азық сыйлар жазушы сенен шықпайды депті.

Жазушы Ғабиден Мұстафиннің дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 55