Іздеу

Дүкенбай Досжан (Алтын қор)

Көрнекті жазушы, мемлекеттік сыйлықтың  иегері Дүкенбай Досжан Абай, Мұхтар бастаған алыптардың ғибратын тың деректермен толтырып, өмірі өнегелі арыстардың асыл мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізе білді. Қазақ қауымының аталы тарихы мен баталы шежіресін ғасырлар қойнауынан тірнектеп табудан бір танған емес. Желтоқсан оқиғасының ізі суымай жатып «Алаң» романы арқылы отаншыл жастардың темір жүйеге деген тегеуірін бүкпесіз айтқан да осы Дүкенбай Досжан еді.

Тәуелсіздік жылдары жазушы жаңа бір шығармашылық күш-қуат алғандай болды. Тақырып ауанын ежелгі Отырар мен Жібек жолынан Алаш зиялыларына қарай бұрды.

Жазушы Дүкенбай Досжанның дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алында.

Осы подкасттан көбірек

№ 18