Іздеу

Ақселеу Сейдімбек – 2 бөлім (Алтын қор)

Адам ғұмыры  керуен-сүрлеудің сүлдесіз сұлбасы емес. Демек,  мәнсіз-мағынасыз ілби басқан өмірдің қашанда бағасы  кем. Әр адамның ішкі жан-дүниесінде  рухани аңсар бар. Тек соның жолын тапқандардың ғана тылсым дүниеге деген ұмтылысы артады. Осы – рухани аңсар, құштарлығы арқылы өзінің адами болмысын жасайды. Жалпы, жаны жақсылыққа, жүрегі нұрға, кеудесі қуанышқа толы, кең пейіл адамдардың еңсесі  биік, жүзі жарқын келеді.  Одан азаматтың арғы-бергі ата-бабалары да тектіліктен жаралған.  Тәрбиені сол тектіліктен іздеген перзент те парасатты. Тағдырдың тоғысында, өмірдің қиясында шорт сынбай, тиянақтылық танытқан тұлғалардың бүгінде беделі биік, -депті этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек.

Ақселеу Сейдімбектің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 11