Іздеу

Әди Шәріпов (Алтын қор)

Ой кемесі әлем мұхитында, ақыл дариясы болашақтың ғана бақытын аңсаған, бұлақтай таза, мөлдір жанымен туған халқын аялап өткен Ахаң, Ахмет Байтұрсынов мұрасында тіршілік тынысының жанарындай жарқындық бар. Өзі заман қыспағында қинала жүрсе де, бар адами қасиетті еліне тілеп, сол бағыт-бағдарға ақ жол іздеп, ұлы сапарда ауыр азаптан жаны күйзеліп, қиямет қыспағынан өтті де.

Ахаң өзінің «Тіл және әдебиеттану» еңбектерімен қоса, ел-жұртына арналған өлеңдерінің баршасында жан жүрегімен егіле жырлап отырды. Мұның бәрі де халқының мұңы мен мүдесі болатын. Алғашқы «Әліппиді» жазып, ана тілді үйрететін тіл құрылын ұсынған адамды қуғындауға сол кезде  кімнің ғана дәті барды екен дейсің бүгінде. Ұйықтап жатқан халқын сары маса болып оятып, оқу-білімге көзін ашқан Ахмет Байтұрсыновты  дана десек те, данышпан десек те жараспай ма.  Сол тіл құралы арқылы қазақ жастары сауат ашып, білім алуға ұмтылды.  Сөйтіп Ахаңның тұтатқан оты мыңның санасын оятты ғой. Солардың бірі филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әди Шәріпов.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әди Шәріповтің  дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 25