Іздеу

Әбіш Кекілбаев – 2 бөлім (Алтын қор)

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс, – депті Әбіш Кекілбаев.

Қай ақын-жазушының болмасын  мұхит – мұраты бар. Яғни, теңіздің түпсіз тұңғиығындай тылсым әлемге жетелейтін ой-пікірі өзіне тән.  Алайда, ұстаным ұқсас емес, бағыт та бөлек. Сондықтан да қазіргі жазушылар  өз жолынан  танған жан. Және одан адаспай азаматтық арды арқалай алады. Демек, қай қоғамда болмасын ақын-жазушыға жол көрсетудің қажеті  жоқ,-депті Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 49