Іздеу

Әбділдә Тәжібаев – 3 бөлім (Алтын қор)

«Қазақ тілі – өзінің даласында кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Халықтың қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай»,-деген жоқ па жазушы Қабдош Жұмаділов. Ал, Әбділдә ағамыз болса шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,  іштей үйлескен ырғақты аңғару қиын емес. Тыңдаушысын бірден баурап алатын осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілінің сұлу сыйқырын танытып тұр,-деген екен.

Жиырмасыншы жылдары тіл мәртебесін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар ана тілді – ардың өлшемі деген жоқ па.  Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша  биік шығарсың, ал өз тіліңді білу міндетің ғой. Ана тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Әбділдә Тәжібаев қос ішекті домбыра мен қобыз да  туған тілдің тілеушісі депті.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-дараматург Әбділдә Тәжібаевтың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

 

Осы подкасттан көбірек

№ 54