Іздеу

Әбділдә Тәжібаев – 2 бөлім (Алтын қор)

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін, – деп жырлаған  Әбділдә Тәжібаев өзінің туған ана тіліне өлең өрнегін көп арнаған ақындардың бірі. Әдебиет зерттеуші ғалым, профессор Әбділдә ағамыз сонау 90-шы жылдары бір сұхбатында қазақ тілінің қуаты жайлы  өзінің ой – толғауын ортаға салған екен.

Қай ақынның болмасын поэзияға деген өзінің іңкәр сезімі бар. Сол арқылы өлеңнің өрлігін танытады. Сөзбен сурет салу ақынға тән қасиет емес пе!?, Ендеше, Әбділдә ағамыздың да  өлең өлкесінде атан түйеге татырлық еншісі бар. Поэзияның қадыр-қасиетін қанына дарытқан ақын Әбділдә Тәжібаев тіл туралы толғауларын поэзия арқылы жеткізген жоқ па.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-дараматург Әбділдә Тәжібаевтың дауысы қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

 

 

Осы подкасттан көбірек

№ 43