Іздеу
Іздеу

Жангелді Немеребаевтың шығармашылы

«Əдебиет əлемі» хабарының кезекті саны Сүйінбай атындағы Алматы обылыстық филармониясының музыкалық редакторы, ақын Жангелді Немеребаевтың шығарманылығы мен өмірдерегіне арналды. Алматы, Талдықорған, Үшарал қалаларында жеке шығармашылық кештері өткен. Жырлары Республикалық басылымдарда жарық көрген. Әндері Қазақ радиосының «Алтын қорына» қабылданған.

Еңбек жолын Алакөл ауданы Екпінді ауылында Мәлгәждар Әубәкіров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. Үшарал қаласында Балалар шығармашылық орталығында ансамбль жетекшісі, Облыстық Алатау газетінде тілші, Көлбай, Қызылқайың орта мектептерінде мұғалім болып, «Талдықорған Әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінде жетекшілік еткен.

«Әдебиет әлемі», «Сөйлеу мәдениеті» хабарларының «Шалқар кеші көңілді» жастар бағдарламасының жүргізушісі. «Тағдыр сыйы» проза кітабының авторы. Президенттік стипендия иегері.

Осы подкасттан көбірек

Эпизод 3