Іздеу

Қанжығалы Бөгенбай батыр (4-бөлім)

Сурет i.mycdn.me сайтынан алынды.

«Ақшадан асып туған ер Бөгенбай,
Едігедей ел қамын жер Бөгенбай.
Қалмақты қысқа күнде қырық шауып,
Үш жүзге олжа салған сол Бөгенбай.
Бөкеңнің Тұраналы – бел баласы,
Би Бапан одан туған – ер данасы,
Бапаннан Саққұлақтай атам туып,
Қазақтың атын білмес қай баласы!?
Сағекеңнен Нұралыдай әкем туды,
Ол-дағы ата-баба жолын қуды»- деп Әз Тәукенің бас батыры Ақшадан бастап, қолбасшылық өнердің, билік, шешендік өнердің туын асқақтатқан алтын әулеттің ел бағына туған бағлан-діңгегтері Саққұлақ бидің немересі Олжабай ақын осылайша тебірене баяндайды, деп жазады филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдары академиясының академигі Серік Негимов.

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Інжу маржан» хабарының 4-бөлімі Қанжығалы Бөгенбай батырға арналды. Студия қонақтары: Л.Н Гумилев атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстазы, философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Ғарифолла Есім, Әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих архэалогия және этнология факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы, Мәжілім депутаты, тарих ғылымының докторы, генерал-лейтенант Абай Тасболатов.

Жырды орындаған жыршылар: Аманқос Садық, Төртқара Төлеу Қосан.

Хабардың авторы әрі айтаманы: Халықаралық Ж.Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, журналист Қошан Мұстафаұлы.

Осы подкасттан көбірек

Саңғыл Би

Саңғыл би – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде...

№ 4