Іздеу

Қанжығалы Бөгенбай батыр (3-бөлім)

Сурет static.islam.kz сайтынан алынды.

Тәуке хан өмірден өткен соң оның мұрагері Қайып хан билік жүргізіп, одан соң Болат ханның тұсында ел іргесі сөгіліп, ауызбіршілігі нашарлап, қалмақтар қазақ даласына еркін сұғынып, алшаңдады. Олар Ертіс өзені мен Балқаш көлін, Шу мен Таластың бойын жаулай бастады. 1723 жылы 80 мың қолмен шабуылдап, «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратқан жойқын шабуылға алғаш ұрынған Жетісу өңірі, Талас пен Арыс өзендерін жағалай отырған елдер болды. Бала-шағасы ұлардай шулаған ел тоз-тоз болып, жан-жаққа босты.

«Қанжығалы Бөгенбай батыр» аталатын «Інжу маржан» хабарының үшінші бөлімі осымен түйінделді. Хабарға ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Евразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Баянауыл, Ерейментау аудандарының құрметті азаматы, Павлодар облыстық «Ақбеттау» журналының редакторы, жазушы Сайлау Байбосын қатысты.

Жырды орындаған жыршылар: Аманқос Садық, Ахан Әбдуәлі, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбай.

Хабардың авторы әрі айтаманы Қошан Мұстафаұлы.

Осы подкасттан көбірек

Саңғыл Би

Саңғыл би – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде...

№ 3