Іздеу

Қанжығалы Бөгенбай батыр (2-бөлім)

Сурет qazaquni.kz сайтынан алынды.

Көне тарихтың көмбесін аршып, тарихшылардың зерттеулеріне қарасақ елімізге қауіп төндірген шүршіт, қалмақ, казак-орыс, арасындағы шиеленісте қазақ халқы қан-қасап күндерді басынан өткізді. Осы бір кезеңдерде елінің болашағы үшін жанын шүберекке түйген небір хандар, билер, батырлар атқа қонды.

ХYІІ ғасырдың соңғы ширегі- ХYІІІ ғасырдың басында Жайық казактары, Еділ қалмақтары, башқұрттармен қатынас шиеленісе түсті. Жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүз аумағына басып кіруі жиілеп кетті. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалы-отырықшы аудандарының біраз бөлігі жоңғар билігіне амалсыз мойынсұнды.

Жау жағадан алған тұста, бөрі етектен тартқылап, 1708 жылдары казак-орыстар Дон өзені бойынан ығысып, Еділ, Жайық бойындағы елге шабуылдап, ойрандай бастады. Тәуке ханның бұйрығымен отыз мың қолды бастаған жас Бөгенбай оларды, баудай түсіріп, Еділге батыра қырып, одан ары асыра қуып тастайды. Сол уақытта Бөгенбайдың жасы жиырма сегізге әлі толмаған еді.

Осы подкасттан көбірек

Саңғыл Би

Саңғыл би – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде...

№ 2