Іздеу

Қанжығалы Бөгенбай батыр (1-бөлім)

Сурет stan.kz сайтынан алынған.

Түркі тектес ұлыстардың ішінде тағдырдың тауқыметін көп көреген ұлттардың бірі қазақ халқы. Жоңғар шапқыншылығынан елдің бостандығы, болашағы үшін күресте қазақ жері үш жүз жылдан аса қанды қырғынға толы болды.

1399-1408 жылдары бас көтерген қалмақтар еркін жатқан Керей тайпаларын ойрандады. 1430 жылы үйсіндер мен қырғыздар жайлаған Ыстықкөлге ат басын тіреді. 1447 жылы Сырдария өңірін қанқақсатты. 1522-1524 жылдары Үйсіндер мен қырғыздардың басын қосқан Шағатайлық Сейіт ханның ұлы Рашид хан қалмақтарға ойсырата соққы берді. Артынша Тәуекел хан оларды екіге бөліп тастады. 1600-1610 жылдары қалмақтар қайта дәуірлеп, Тары, Түмен аймағын шауып, Еділ өзенінің бойына ауыз салды. Қазақтар қуғын-сүргінге ұшырады.

«Інжу-маржан» хабарының кезекті саны Қанжығалы қарт Бөгенбай батырға арналды. Хабарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Бөгенбай батырдың ұрпағы Азат Перуашев, Евразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев. Жырды орындаған жыршылар – Елмұра Жаңаберген, Аманқос Садық, сырнайшы Кеңес Әшірбаев.

Хабардың авторы әрі редакторы: Қошан Мұстафаұлы.

Осы подкасттан көбірек

Саңғыл Би

Саңғыл би – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде...

№ 1