Іздеу

Інжу-маржан – Көкен ақын (1-бөлім)

Кезекті хабарымыз Қазақтың көрнекті ақыны Көкен Шәкеевке арналады. «Хабардың жүргізушісі – Қошан Мұстафаұлы. Тыңдарман қауымды ғылыми, тарихи танымдық, жыраулар поэзиясымен етене таныстыру. Ұрпақты мәдениетін, сөз өнерін сүюге шақыру.

Шәкеев Көкен – 1924 жылы Целиноград ауданы Сарыадыр ауылында туған – Қазақстанның халық ақыны (1987), Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының президенті (1990), көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері. 2-дүниежүзлік соғыстың ардагері.

Көкен ақын 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындарының мектебін басқарды. Медальдармен марапатталған. «Қабанбай батыр» және «Бөгембай батыр» эпосын айтып, таратушы, насихаттаушы, сақтаушы.

Осы подкасттан көбірек

№ 20