Іздеу

Иман Жүсіп (3-бөлім)

Сурет e-history.kz сайтынан алынды.

ХІХ ғасырда, қазақ халқының жартысынан көбі патшалық Ресей озбырлығында болса, бір бөлігі Қоқан хандығының езгісінде еді. Сыр бойын жайлайтын бүкіл қалың жұртты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған Тұрғанбай датқаның елін тұтқиылдан жау шапты. Қоқан хандығының салық төлемдеріне қарсы шығып,сонымен қатар елінің еркіндігін аңсаған Тұрғанбай датқа қолға түсіп, өлім жазасына кесілді. Өлер алдында Тұрғабай датқа: «Менің қаным да тегін жібермес.Кек алатын бір ұл қалың жұрттан туар!- «Елім әлі ақ егенмендігін алар»- деп айғайға басыпты. Датқаның айтқанындай немересі Иманжүсіп те ел егемендігі үшін отарлаушылармен өзінің шама-шарқы жеткенше қарсыласып, ақыры ол да атасы Тұрғанбай датқаның тағдырын кешіп, өлім жазасын қабылдады.

Осы подкасттан көбірек

Саңғыл Би

Саңғыл би – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде...

№ 8