Іздеу

Иман Жүсіп (1-бөлім)

Сурет kk.wikipedia.org сайтынан алынды.

Жарты әлемді бағындырған арғы бабаларымызда айтпағанның өзінде, Жошы мемлекетін құрған өңір, әлемді дүр сілкіндіргені тарихтан белгілі Жошының өзі де, үрім-бұтақтары да түркі ұлыстарының жолын жалғастырушылары еді. Әкесі Шыңғыс хан сияқты ол да Көк Тәңірге (шамандық намым-сенімге) табынған, сиынған. Жошы балаларына қазақша ат қойды.Осындай ұлы даланы дүркіретіп,атағы әлемге жайылған ұлысты Жошы ұрпақтары Алтын орда хандығына жалғастырды. Келе-келе ұрпақтар арасына іріткі салынып,ірі мемлекеттің іргесі сөгіліп, кезінде өзі билігін жүргізген,алдына келіп бас ұрып, салық төлеген көршілес елдер күшейіп, ауыз біршілігінен ажыраған Жошы ұлысы ыдырады. Жоңғар шапқыншылығы, одан бергі Патшалық Ресейдің отарлау саясаты елдің ыңыршағын айналдырып,тоз-тозын шығарды. ХІХ ғасырда қазақ халқы мемлекеттік құрылымнан біржола айырылып қалды. Солтүстік пен Батыс өңірлері Ресей патшалығының қарамағына өтіп, ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Жетісу, Оңтүстік өңір,Сыр бойының біраз бөлігі Қоқан хандығының құзұрына қарап, қазақ мемлекеттілігі жойылды. Осы бір кезең қазақ халқы үшін ең ауыр кезең болды. Бастары ноқтаға сыймаған азаматтар әр жерден бас көтерді. Отарлаушылардың өкілі Ермактай қандауыз қарақшыны (керей) Сәтбектей батыр доңыздай дөңгелетіп бауыздаса, Балуан Шолақтай арда ұл Губернатордың қызы Татьянаны Көкшенің биігіне алып кеті. Белдескеннің белін үзген Қажымұхандай алып, әлемді шулатып, қазақтың абыройын асқақтатты.Тасқа салса табаны таймайтын, апай төс түкті жүрек Иманжүсіптей ел ағаларының арқасында қазақтың рухы құламады.

Осы подкасттан көбірек

Саңғыл Би

Саңғыл би – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие, қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде...

№ 6