Іздеу

Айгүл Абдейімжанқызы – ҚР «Білім беру үздігі», қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

«Өнеге» хабарына ҚР білім беру ісінің үздігі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер ұстазы, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Жүнісбекова Айгүл Әбдрейімжанқызы Тұңғышбек Нұрсұлтан, Тлеуберген Толғанай есімді дарынды оқушыларымен 2021 жылғы түлектерімен қатысып, сүбелі сұхбат берді. Домбыраны 4 сыныптан қолға ұстаған Нұрсұлтан Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тарса, Толғанай мектепті тәмамдағаннан кейін актриса болуды армандайтынын айтып, мәнелерлеп өлең оқыды.
Сұхбат барысында 2021 оқу жылының «онлайн форматы» жөнінде әңгіме өрбіп, жазғы демалыстағы мектеп ұжымының жұмысы жөнінде, балаларға арналған жазғы лагерь мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асатын, жасөспірімдерге арналған «Жасыл ел» жобасы туралы айтылды. Бала тәрбиесі қашанда басты назарда болуы керектігін айтқан студия қонағы Айгүл Әбдрейімжанқызы жазғы демалыста бір мезгіл болса да балаларға кітап оқуға кеңес берді.

Қызықты сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Осы подкасттан көбірек

№ 44