Іздеу

Төлеген Жаманов: Кеңсірігімде әжем марқұмның әлі күнге иісі бар

Сурет aitysker.org сайтынан алынды.

Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарында ақын әрі тарихшы Төлеген Жаманов әжесі Бәден Жүпенқызының немере бойына сіңірген тәлім-тәрбиесі жайлы айтты.

«Кеңсірігімде әжем марқұмның әлі күнге дейін иісі бар. Келіншегімнің төркінінен келген төсек дүниесі бола тұра, екеуміз Қирабайдың Жаманы жамылған үлкен көрпесін әлі күнге дейін ырым ғып жамыламыз» ,- дейді әже әлдиіндегі әлемін еске алған Төлеген Жаманов.

Әже бауырында өскен Төлеген осы күнге дейін әке мен шешесін атымен атайды. «Қамырым сенен болса да иінім басқадан» дейді қазақ. «Менің иімді қандырған, сарайымды кеңейткен, бүкіл ықылас, тәлімі мен тәжірибесін менің бойыма төгіп беріп кеткен адам»,- дейді ақын.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.

Осы подкасттан көбірек

№ 10